Түркістан облысында жеті көлік соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында жеті көлік соқтығысты

Түркістан облысында жеті көлік соқтығысты

Сарыағаш ауданына қарасты Алматы-Термез тасжолында жол апаты болған

  • 26 Қараша 2019
  • 37
Фото - Caravan.kz

Түркістан облысында жеті көлік соқтығысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, 25 қарашада сағат 13:00 шамасында Сарыағаш ауданына қарасты Алматы-Термез тасжолында жол апаты болған. 7 автокөлік Volvo, Toyota, "Газель", Chevrolet, "ВАЗ"  және Daewoo соқтығысқан.

Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасы ауа райының қолайсыздығы яғни асфальт бетінің мұзданып, тайғақ болуы салдарынан болған. Оқиға орнына тез арада өңірлік ПД мен Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері шықты. ЖКО-нан зардап шеккендер мен ауруханаға түскендер жоқ, автокөліктерге материалдық шығын келтірілген.

Сондай-ақ, полицейлердің мәліметінше, жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша ("Көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан")  4 әкімшілік хаттама толтырылды.


 

Соңғы жаңалықтар