Түркістан тұрғындары бүгін облыс әкімдігінің алдына келіп наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан тұрғындары бүгін облыс әкімдігінің алдына келіп наразылық білдірді

Түркістан тұрғындары бүгін облыс әкімдігінің алдына келіп наразылық білдірді

Түркістанның 60 тұрғыны бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі алдында наразылық шарасын ұйымдастырды. Себеп, Түркістан қаласының басшылығы шаһар ішіндегі жалғыз мал базарын халықпен санаспай жауып тастапты.

  • 14 Қыркүйек 2013
  • 377
Фото - Caravan.kz

Мынау жергілікті тұрғындардың түсірген видеосы. Қала ішіндегі жалғыз мал базарының жабылуына қарсыласқан жұртты жергілікті полицейлер аямапты. Базарды жабуға келгендерге сатушылар қарсы, ал басшылық күштеп болсын үлкен бетонды бағаналарды кесе-көлденең орналастырып жатыр. Қала ішіндегі базардың орнына 20 шақырымдай жерден басқа мал сататын сауда орын ұсынылған. Бірақ жұрт бұл тым қымбатқа түседі деп, қарсылық көрсетіпті. Ал, 17 жылдан бері жұмыс істеген базарды санитарлық нормаларға сай келмейді деп жауып тастаған. Саудагерлер бұл жергілікті дөкейлердің ақша табу үшін жасаған құйтырқылығы дейді. Өз басшыларына сөздер өтпеген соң, бүгін олар облыс әкіміне шағым айтуға келді.


Қайрат Әбдікерімов,  Түркістан қаласының тұрғыны:

— Атқару парағын беріңіз дедік. Жоқ атқару, сейфте дейді. Соттың үкімін беріңіз дейміз. Жоқ, сейфте дейді. Өйткені жоқ оларда, көрсете алмайды. Түркістанның барлық құқық қорғау органдары, полициясы бар, прокуратура бар, әкімшілік аппараты бар Түркістанның базарын шыңғыртып қойып жапты.