Жарияланды: 40

Түркістанда кішкентай қызды зорламақ болған педофил сотталды

Түркістанда кішкентай қызды зорламақ болған педофил сотталды

Тергеу барысында анықталғандай, 1984 жылғы ер адам Түркістан маңындағы ауылға жұмыс істеуге келген.

Кештердің бірінде ішімдікке сылқия тойып алған ер адам ертесі күні таңертең ауыл ішінде серуендеп қайтпақ болған. Осы кезде ол аулалардың бірінен кішкентай қызды байқап қалған. 

Қаскүнем ашық қалған есіктен аулаға кіріп, қызды сарайға ертіп әкеледі. Мұнда ол баланы зорламақ болады, бірақ сарайға қыздың әпкесі кіріп келген. Жартылай жалаңаш ер адам қашып шығады. Әйел оның соңынан қуып келе жатып, көршілерін көмекке шақырған. Көршілердің айқайын естіген ауылдастары ер адамды ұстап алған. Ауыл тұрғындары оны жергілікті полиция бөлімшесіне алып барады. 

Сол жерде қыздың туысы ер адамның үстінен арызданған. Оған қатысты ҚР ҚК 24 және 120-баптарына (Кішкентай баланы зорлауға оқталу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Түркістан облысының қылмыстыр істер жөніндегі ауданаралық соты істі қарап, кінәлі деп тапты. Ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды, ол ең жоғарғы қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін