Түріктердің бұлай бұлқынуына күрд бүлікшілерінің ел әскеріне қарсы жасаған бірнеше шабуылы себеп болып отыр. Алдымен 15 сарбазды өлтірген олар кейін екі әскери ауыр техника көлігін жарып жіберген. Қазір бүлікшілерді іздеуге Түркияның арнайы жасағы мен тікұшақтары атсалысуда. Әсіресе, күрдтердің бейресми астанасы болып саналатын Диярбакыр қаласында қатаң бақылау орнаған. Айта кетсек, шілде айынан бері бұл елде күрд жұмысшылар партиясының 2 мыңнан астам мүшесінің көзі жойылған.