Түркия билігі мемлекеттік рәміздерден Ататүріктің бейнесін алып тастауға шешім қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия билігі мемлекеттік рәміздерден Ататүріктің бейнесін алып тастауға шешім қабылдады

Түркия билігі мемлекеттік рәміздерден Ататүріктің бейнесін алып тастауға шешім қабылдады

Түркияның Президенті Абдулла Гүл мемлекеттік төс белгілер, бейнелеме мен елтаңбаға өзгерістер енгізді.

  • 7 Қараша 2013
  • 415
Фото - Caravan.kz

AZE.az хабарлауынша, ескі және жаңа бейнелеменің ерекшелігі — жаңа медальдар мен ордендерде Түркия Республикасы белгісінің (ТС) қысқартылуы. Сонымен бірге, ордендер мен медальдардан Түркия Республикасының бірінші президенті Ататүріктің бейнесі алынып тасталады. Оның орнына мемлекеттік төсбелгілерде жарты ай мен жұлдыздар бейнесі белгіленеді.

Сондай-ақ, 8 қазан күні биліктегілер оқушылардың ант беруін тоқтатқан болатын. Осыған дейін 80 жылға жуық әр дүйсенбі сайын мектеп оқушылары бір қатарға тұрғызылып, Ататүріктің қола мүсіні алдында «өз мақсаттарына жету үшін тынбай еңбек ететіндіктеріне» ант беріп келді, деп жазады Росбалт.