Түркия президенті Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия президенті Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісін қабылдады

Түркия президенті Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісін қабылдады

Астана. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" -Түркия Республикасының президенті Абдулла Гүл кеше дипломатиялық қызметінің аяқталуына орай Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Исабаевты қабылдады, деп хабарлайды агенттік Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 6 Наурыз 2008
  • 490
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында екі ел арасындағы қатынастардың қазіргі жағдайы, алдағы іс-шаралары талқыланды. Түркия президенті бұл қатынастардың даму қарқынын жоғары бағалай келіп, Қазақстанда табысты жүріп жатқан саяси-экономикалық, әлеуметтік реформаларға әркез қолдау білдіретінін, әрі бұндай жетістіктер бауырлас Түркия елі үшін де үлкен мақтаныш екенін атап өтті. Бұл ретте, Түркия Қазақстан Елбасы Н.Назарбаевтың стратегиялық көреген басшылығына айрықша мән беретінін мәлімдеді.

А.Гүл екіжақты қатынастарды дамытуда Қазақстан елшілігінің атқарған қызметін жоғары бағалап, сәт-сапар тіледі.

Өз кезегінде Б.Исабаев Түркия президентіне ризашылығын білдіріп, бауырлас екі ел арасындағы қарым-қатынастар алдағы уақытта да лайықты жалғасатынына сенім білдірді.

Кездесу соңында А.Гүл Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевқа өзінің шынайы достық сәлемін жолдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті