Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ердоғанның Путиннен кешірім сұрағанын теріске шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ердоғанның Путиннен кешірім сұрағанын теріске шығарды

Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ердоғанның Путиннен кешірім сұрағанын теріске шығарды

РФ Президенті Владимир Путин Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның үндеуін алды. Үндеуде Түркия президенті Су-24 ұшақ апатына байланысты жағдайды реттеуге мүдделі екенін білдірген.

  • 28 Маусым 2016
  • 499
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz сайты Euronews.com-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Түркия басшысының баспасөз хатшысы Ибрагим Калын Владимир Путинге үндеу жіберілгенін растады. Өз сөзінде Калын үндеуде Ердоғанның ресей ұшағына қатысты жағдайға қайғырып, көңіл айтқанын, сонымен қатар екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты қайта орнатуға шақырғанын айтады. Ердоғанның «кешірім сұрағаны» жайлы ол жерде айтылмаған.

Оған қоса, Түркия БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Измир қалалық соты ресей ұшқышы Олег Пешковтың өліміне кінәлі деп танылған Альпарслан Челикті сот ісі аяқталғанға дейін басқа қалаға шығуға тыйым салып, босатқан еді.  

Еске салайық, 2015 жылдың 24 қарашасында Түркмен тауының аймағында түрік ұшқышы ресей ұшағын атып құлатқан болатын. Нәтижесінде Пешков қайтыс болған. Ресей президентінің жарлығы бойынша 2015 жылдың 25 қарашасына Олег Пешковқа Ресей Федерациясының Қаһарманы деген атақ беріледі.


Соңғы жаңалықтар