Мармаристегі Ердоған тоқтаған қонақ үйге шабуыл жасауға қатысы бар деп күдіктелген жеті әскери қызметкер Түркияның оңтүстік-батысындағы Мугла провинциясында ұсталды.
Мармарис ауданында жүгері алқабынан күдікті адамдарды байқаған жергілікті тұрғындардың дабылымен тағы да бірқатар шабуылшылар қолға түсті.
16 шілдеге қараған түні бүлікшілер тобы Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Соңғы деректерге сәйкес, қарсылықтар нәтижесінде Ыстамбұл мен Анкарада бүлікшілерді қоспағанда, 246 түрік азаматы көз жұмды, 2 мыңнан астам адам жарақат алды.