Түркияда Ердоғанның жақтастары Парламент сайлауында жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда Ердоғанның жақтастары Парламент сайлауында жеңіске жетті

Түркияда Ердоғанның жақтастары Парламент сайлауында жеңіске жетті

Президент жақтастары Парламенттегі басымдықты да өз қолдарына алды. Түркияда мерзімінен бұрын өткен сайлауда премьер-министр Ахмет Дәуітоғлы басқаратын Әділет және даму партиясы басым дауыс жинады.      

  • 3 Қараша 2015
  • 231
Фото - Caravan.kz

Жұбайымен бірге түннен бері кірпік ілместен жеңісін тойлап жүрген премьердің қуанышында шек жоқ. Оның бұлайша шаттануының себебі бар. Өйткені, биылғы маусым айында ғана болған сайлауда да билік партиясы 40 пайыз дауыспен жеңіске жеткенімен, Ахмет Дәуітоғлы коалициялық үкімет құра алмаған. Амал жоқ, сайлау мерзімін қайта белгілеуге тура келді. Енді Әділет партиясына басқалармен одақтасып та қажет емес. Бұл жолы президент Ердоғанның жақтастары 50 пайыздай дауыс жинап, Үкіметті жеке жасақтауға құқық алды. Дегенмен, билік партиясының ұстанымдарымен халықтың бәрі бірдей бөліскен жоқ. Сайлау қорытындысымен келіспегендер Диярбақырда жаппай көтеріліске шықса, Сириямен шекаралас Нусайбин қаласында бір қонақүй мен бірнеше көлікті өртеп жіберген.

Соңғы жаңалықтар