Түркияда өлім аузында жатқан отандасымызға қаржылай көмек керек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда өлім аузында жатқан отандасымызға қаржылай көмек керек

Түркияда өлім аузында жатқан отандасымызға қаржылай көмек керек

Түркияда көлік апатына ұшыраған қостанайлық жігіт хәл үстінде жатыр. 22 жастағы Константин Иванов алты күннен бері есін жимаған.

  • 16 Маусым 2015
  • 251
Фото - Caravan.kz

Кемер курортына демалуға барған 4 жігіт қаланы аралау үшін көлік жалдапты. Туристтер мінген машина жолдың қарсы бетіне шыққан жергілікті тұрғынның Мерседесімен соғысады. Константин ауыр жараланып, сол бойда ота жасалған. Енді қалған ем-домына қомақты қаражат керек дейді туыстары. Себебі, Кемердегі ауруханада бір күн ем алудың өзі мың доллар тұрады екен. Ал Қазақстан азаматының онда қанша болатыны белгісіз. Елге әкелуге де дәрігерлер рұқсат етпепті.

 Юрий Иванов, К. Ивановтың әкесі:

Осындай қиын сәтте қолдау көрсетіп жатқан қостанайлықтарға алғысым шексіз. Қазақстанның түкпір-түкпірінен хабарласып жатыр. Мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін.