Түркияда парламенттік сайлау басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда парламенттік сайлау басталды

Түркияда парламенттік сайлау басталды

Түркияның барлық аумағында бүгін сайлау учаскелері ашылып, меджлистің  (парламенттің) жаңа құрамын сайлауға дауыс беру басталды.

  • 8 Маусым 2015
  • 265
Фото - Caravan.kz


Елде 53 миллионнан астам адам дауыс бере  алады.

Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де ашылып, сағат 17:00-де аяқталады. Дауыс беруге келушілер саны 80 пайызға жетуі ықтимал.

Барлығы сайлауға 20 саяси партия, 165 тәуелсіз кандидаттар қатысуда. Саяси аренаның негізгі ойыншылары Әділдік пен даму билік партиясы, оппозициялық Халықтық-республикалық партия, Ұлттық қозғалыс партиясы болып отыр. 10 пайыздық электоральдық тосқауылды еңсеруге қабілетті төртінші партия күрд халықтық демократиялық партиясы болып табылады. Ол партиялық тізім бойынша меджлиске алғаш рет сайлануда.