Түркияда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.55
  • 563.38
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Түркияда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Түркияның Қара теңіз жағалауындағы су тасқыны салдарынан 64 адам қаза тапты.

  • 16 Тамыз 2021
  • 782
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және басқару басқармасының (AFAD) мәліметінше, Кастамону провинциясында 54 адам, Синоп провинциясында 9 адам апат құрбаны болды, тағы бір адам Бартин провинциясында көз жұмды.

Қазіргі уақытта емдеу курсын табиғи апаттан зардап шеккен 8 адам жалғастыруда. Түркияның солтүстігінде 11 тамызда толассыз жауған жаңбыр сел, көшкін және су тасқынына себеп болды. Мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған су тасқынынан зардап шеккен аудандарды табиғи апат аймағы деп жариялады.