Түркияда тағы да дүрбелең басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда тағы да дүрбелең басталды

Түркияда тағы да дүрбелең басталды

Бүгін түнде Түркияда тағы да тәртіпсіздіктер орын алды. Наразылық шеруі бүкіл елді шарпып,

  • 12 Қыркүйек 2013
  • 299
Фото - Caravan.kz

Ыстамбұл, Ізмір және Анкара көшелеріне мыңдаған адам шықты. Шерушілер елдің Премьер-Министрі Тайып Ердоғанның отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Тараған ақпаратқа шарағанда, наразылық акциясына шыққандар тосқауыл құрып, арнайы қызмет жауынгерлеріне тас лақтырған. Ал тәртіп сақшылары шерушілерді сумен және көзден жаз ағызатын газбен атқылаған. Сонымен қатар ел астанасы әуесіне полиция тікұшағы да көтерілген. Жарақат алғандар жайында ақпарат бар, ондаған адам тұтқынға алынған.

Үкіметке қарсы жаңа толқын барысында елдің оңтүстігінде наразылық акциясына қатысушылардың бірі мерт болды. Өткен жеңсенбі күні жас жігіт белгісіз жағдайда ғимараттың төбесін құлап кеткен еді.