Түркияда жол апатынан зардап шеккен отандастарымыз елге жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда жол апатынан зардап шеккен отандастарымыз елге жеткізілді

Түркияда жол апатынан зардап шеккен отандастарымыз елге жеткізілді

Түркияда жол апатына түсіп, ауруханаға жатқызылған 5 қазақстандық  елге жеткізілді, - деп хабарлады http://khabar.kz/.

  • 14 Тамыз 2015
  • 348
Фото - Caravan.kz


Кеше түнде Алматы әуежайында ағайынды Тоғжан мен Шолпан Турғанбековаларға «Тау сұңқар» медициналық орталығының дәрігерлері көмек көрсетті. Олар толық елге жеткенше Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің жіті бақылауында болған.  Естеріңізге сала кетейік, оқиға 6 тамыз күні Памуккале-Анталия тасжолының бойында болған.  Апат кезінде 4 жолаушы қаза тауып, 27-сі жараланған. Марқұм болғандардың бірі – отандасымыз Аида Сарабаева.