Түркиялық ұшақ апатты жағдайда Атырау әуежайына қонды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркиялық ұшақ апатты жағдайда Атырау әуежайына қонды

Түркиялық ұшақ апатты жағдайда Атырау әуежайына қонды

Апатты жағдайда Атырау әуежайына қонған ұшақ жолаушылары қонақүйлерге орналастарылды.

  • 25 Маусым 2018
  • 47
Фото - Caravan.kz

Ресейдің Новосибирск қаласынан Түркия астанасына бет алып, апатты жағдайда Атырау әуежайына қонған түркиялық ұшақ жолаушылары қонақүйлерге орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бортында 190 жолаушысы бар түркиялық ұшақтың шұғыл жағдайда қонғанын естіген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Атыраудың халықаралық әуежайын өзі келіп көрді. Бірінші кезекте ешқандай зардап шекпегендеріне қарамастан жолаушыларға психологиялық көмек көрсетілді. Оларды шұғыл түрде кеден бекетінен өткізіп, су берілді. Әуежайға автобустар да жедел жетті. Оларға жолаушыларды отырғызып, қонақүйге апарып, тамақтандырып, орналастырды. Енді жолаушыларға өздері мінген ұшақ жөнделгенше немесе басқа ұшақ келгенше қонақүйде жатуларына тура келеді. Жолаушылар үшін Атырау тарихи-өлкетану мұражайын аралап көруге де мүмкіндіктер жасалды. Қонақүйде медицина мамандары мен жедел жәрдем қызметі кезекшілікте тұр. Жолаушылардың бірі басын жарақаттап алып, оны ауруханаға апарып, қажетті көмектер көрсетілді", – деді облыс әкімінің орынбасары Сағындық Лұқпанов. 

Айта кетейік, Boeing -737 ұшағы Атырау әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат 10-03-те қонды. Енді Астанадан ұшақты көру үшін арнайы мамандар бригадасы жетуі керек.  


Соңғы жаңалықтар