Түркияның Қара теңіз аймағындағы су тасқыны салдарынан 44 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.55
  • 563.38
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияның Қара теңіз аймағындағы су тасқыны салдарынан 44 адам қаза тапты

Түркияның Қара теңіз аймағындағы су тасқыны салдарынан 44 адам қаза тапты

Түркияның Қара теңіз аймағындағы су тасқыны мен селден зардап шеккендердің саны 44 адамға жетті. Бұл туралы сенбіде Түркия үкіметі жанындағы

  • 15 Тамыз 2021
  • 578
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайлардың алдын алу және басқару басқармасы (AFAD) мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, солтүстіктегі Кастамону провинциясында 36 адам, Синопта 7 адам, Бартинде бір жергілікті тұрғын қаза тапты. AFAD барлық тиісті қызметтердің қызметкерлері жергілікті жерде екенін және адамдарды эвакуациялауды, іздестіруді және қолға алды.

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше елдің солтүстігіндегі табиғи апат аймағына барды. Мемлекет басшысы елдің солтүстігі мен оңтүстігіндегі табиғи апаттардың салдарын жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сендірді.


Түркияның солтүстігінде 11 тамызда толассыз жауған жаңбыр сел, көшкін және су тасқынына себеп болды.