Жарияланды: 350

Түркмендік шекарашылар қазақстандық жеті азаматты ұстап алды

Түркменстанның шекарашылары мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен қазақстандық жеті азаматты ұстап алды,

деп хабарлады бейсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" Қазақстан ҰҚК дереккөз. Олардың айтуынша, ұсталғандардың ішінде Қарақиян аудандық ІІБ көші-қон полициясының төрт қызметкері және Жетібай ауылының үш тұрғыны бар. "Ақпаратқа қарағанда, олар онда аң аулап шыққан болу керек, қолдарында қару бар, адасып қалған көрінеді". "Олар Түркменстан аумағында ұсталды, деректерге қарағанда, қылмыстық іс қозғалған".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін