ТүркПА-ның халықаралық байланыс ауқымын кеңейту аса маңызды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТүркПА-ның халықаралық байланыс ауқымын кеңейту аса маңызды

ТүркПА-ның халықаралық байланыс ауқымын кеңейту аса маңызды

ТүркПА-ның халықаралық байланыс ауқымын кеңейту аса маңызды. Бүгін Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеяларының VI пленарлық отырысында сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов осылай мәлімдеді.

  • 4 Желтоқсан 2015
  • 767
Фото - Caravan.kz

Сөз арасында спикер ТүркПА-ның бұдан арғы белсенді халықаралық қызметіне де тоқталды. «Бүгін Ассамблея Парламентаралық одақпен, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Парламентаралық одағымен, ЕҚЫҰ ПА-мен, ТМД ПА-мен өзара қарым-қатынасын кеңейтіп келеді. Біздің Ассамблеяның әртүрлі халықаралық институттармен, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне кіретін институттармен халықаралық байланысын нығайту жөніндегі жұмысын жалғастыру маңызды деп санаймыз»,-деді Қ. Жақыпов.

Бұл ретте төраға ТүркПА әлеуетін пайдалана отырып, түркі елдерінің халықаралық бастамаларын ілгерілетуге болатынын, халықаралық ұйымдар алаңында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі де бар екенін атап өтті.

«2016 жылы Анталияда «ЭКСПО-2016» көрмесі өтеді, бұдан бөлек, Қырғызстанда дүниежүзілік көшпенділер ойыны, Бакуде БҰҰ өркениеттер Альянсының 7-і Жаһандық форумы жоспарланған. Ал 2017 жылы Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындалып жатыр. Сондықтан да, халықаралық саясат, экономика, мәдениет салаларындағы белсенді қызмет біздің түркі тілдес мемлекеттеріміздің халықаралық аренадағы рөлі мен беделін де арттыра түспек»,  деді Қ. Жақыпов.

Сонымен қатар, спикер ТүркПА аясындағы ұлттық заңнамаларды жақындастыру мәселесіне де назар аударды. «Бұл заң шығару жұмысын Комиссиялар шеңберінде жүргізген жөн. Комиссиялардың мұндай қызметі өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, атап айтқанда, жоғарыда ұсынылған заңнама салалары бойынша ұлттық заңнамаларды жақындастыруға бағытталуға тиіс», — деді ол. 


Соңғы жаңалықтар