Түрмеде аштық жариялаған саясаткерлердің жағдайы нашарлап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрмеде аштық жариялаған саясаткерлердің жағдайы нашарлап кеткен

Түрмеде аштық жариялаған саясаткерлердің жағдайы нашарлап кеткен

Қырғызстан парламентінің депутаттары түрмеде аштық жариялаған тұтқындармен кездесті деп хабарлады депутат Жанар Ақаев.

  • 14 Ақпан 2018
  • 187
Фото - Caravan.kz

Оның сөзінше, аштық жариялағандардың жағдайы нашарлап кеткен.

— Бәрінен де Бектұр Асановтың хәлі мүшкіл. Абақты дәрігерлері оның қан қысымы бірден төмендеп кеткенін айтады. Сол себепті дәрігерлер саясаткерге аштық жариялауды тоқтатпаса, салдары өте ауыр болуы мүмкін деп ескерткен. Біз де акцияны тоқтатуын сұрадық. Бірақ олар Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) басшысы Әбділ Сегізбаев қызметінен алынбайынша, аштық жариялауды тоқтатпаймыз деп отыр, — деді Ақаев.

Жанар Ақаев саясаткерлердің денсаулығы жайын парламентте көтеретінін айтты.

МҰҚК басшысы Әбділ Сегізбаевтың отставкасын талап еткен, Бектұр Асанов 30 қаңтарда, Эрнест Карыбеков 31 қаңтарда, Кубанычбек Кадыров 1 ақпанда аштық жариялаған. Олардың бәрі 2016 жылы «билікті күшпен тартып алмақ болды» деген айыппен ұсталған.

Бішкектің Бірінші май аудандық соты 2017 жылы 17 сәуірде оларды айыпты деп танып, Эрнест Карыбековті 20 жылға, Кубанычбек Кадыров пен Бектұр Асановты 12 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасын кескен. Дастан Сарығұловқа 4 жыл шартты жаза кесілген. Бұл үкіммен келіспеген саясаткерлер апелляциялық сотқа шағымданған. Бірақ 2018 жылдың 7 ақпанында өткен келесі апелляциясы соты аудандық сот үкімін күшінде қалдырды.


Соңғы жаңалықтар