«Түрмеде мені "торпедолар" екі рет өлтірмек болды»: Жақсыбек Құлекеев сотты болған кездегі сұмдықтар туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Түрмеде мені "торпедолар" екі рет өлтірмек болды»: Жақсыбек Құлекеев сотты болған кездегі сұмдықтар туралы айтты

«Түрмеде мені "торпедолар" екі рет өлтірмек болды»: Жақсыбек Құлекеев сотты болған кездегі сұмдықтар туралы айтты

Бұрнығы Сауда және экономика министрі, Білім және ғылым министрі болған Жақсыбек Құлекеев түрмеде болған кезде өзін екі мәрте өлтірмек болғаны туралы айтты.

  • 15 Қыркүйек 2022
  • 996
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Нартай Аралбайдың ютуб арнасында айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Заңға қайшы нәрсе, бұрын сотталған қауіпті қылмыскермен әлі тергеуде жатқан адамның бірге отыруына болмайды. Соттың шешіміне дейін мен қылмыскер емеспін, тек айыпталушымын немесе күдіктімін. Ал бірақ мені тергеу абақтысына апарған күннен бастап жанымда өте ауыр қылмыс жасаған, ондаған жыл немесе өмір бойы түрмеде отырған адамдарды әкеп отырғызды. Сонда маған қысым жасағысы келген болар.

Түрмеде мені өлтіргісі келді, оның бәрі болды. Оларды торпедо деп атайды. Маған торпедолар жіберді. Оларды арнайы адамдар дайындап алып келеді. Олар мені өлтіреміз деп келді. Бірақ менің жаныма келгеннен кейін, кім екенімді білгеннен кейін бас тартты. Сол мені өлтірем деп келген жігіт маған айтты «Жәке біз саған жіберілген торпедолармыз, бірақ сенің қаның бізге керек жоқ» деді. Мына тергеу изоляторының артына онышы қатаң режимдегі түрме бар, сол жерден арнайы дайындап алып келген азамат. 16 жасынан бастап түрмеде жүрген. Соңғы рет тағы да адам өлтіріп, түрмеге түскен екен. 19 жылға сотталған. Соның 4-5 жылын қысқартамыз егер осы адамды өлтірсең деп алып келген адам екен. Сол өз еркімен мені өлтіруден бас тартып, шынын айтты. Шамаң келсе өзің қорғануға тырыс, біз өлтірмесек те басқа біреулер өлтіреді деді.

Әрине оның ұйымдастырып жүрген фин полдың сол кездегі қызметкерлері, сосын түрме бастығының орынбасары майор, оған осыны істесең полковник шенін алып береміз деген. Ондай оқиға оның алдында да болды. Жалпы екі мәрте өлтірмек болды», -деді Жақсыбек Құлекеев.


Соңғы жаңалықтар