"Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер үшін іс-қимыл алгортимі" жаднамасы дайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер үшін іс-қимыл алгортимі" жаднамасы дайындалды

"Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер үшін іс-қимыл алгортимі" жаднамасы дайындалды

Елде еңгізілген төтенше жағдай мен карантин кезінде әйелдер отбасында қатыгез қарым- қатынасқа ұшырауы мүмкін.

  • 16 Сәуiр 2020
  • 44
Фото - Caravan.kz

БҰҰ мәліметтері бойынша, көптеген мемлекеттерде коронавирус індетіне байланысты карантин шаралары еңгізілгеннен кейін үйдегі зорлық-зомбылықтың көбеюі байқалуда, деп жазды Caravan.kz медиа-порталы.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия Тұрғын халық саласындағы  БҰҰ қорымен бірігіп "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер үшін іс-қимыл алгортимі" жаднамасын дайындады.

Осы маңызды ақпаратты халық арасында таратуға ат салысайық!

Отбасыңызда зорлық-зомбылық орын алған жағдайда келесі алгоритмді қолданған жөн:

1. Зорлық-зомбылық туралы ауызша арызбен 102 нөмірі

бойынша дереу полицияға хабарласыңыз. Немесе qamqor.gov.kz порталы арқылы онлайн-арыз беріңіз.

Құқық бұзушыға шара қолдану үшін полиция

қызметкерлерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалған

жерге келулерін талап етуге құқылысыз.

2. Жарақат алған жағдайда 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақырыңыз. Полиция қызметкерінен сот-медициналық куәландыруға жолдама алыңыз.

3. 150 тегін нөмірі немесе +77081060810 нөмірі (WhatsApp), www.telefon150.kz сайты арқылы тәулік бойы жұмыс жасайтын балаларға, жастарға және зорлық- зомбылық көріп отырған адамдарға арналған ұлттық бірыңғай сенім телефонына


хабарласыңыз. Ол жерде сізге психологиялық және құқықтық көмек көрсетіп, учаскелік инспекторлардың, дағдарыс орталықтарының және басқа да қажетті ұйымдардың байланыс телефондарын береді.

Хабарласудың жасырын мен құпияда болуына кепілдік беріледі.

4. Аймақтардың барлығында тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарына

арналған дағдарыс орталықтары жұмыс істейді.

Өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төнген жағдайда Сіз осы

орталықтардан баспана сұрай аласыз.

5. Әр аймақта Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат

жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді. Ол жерде Сізге кеңес беріп, қажетті қолдау көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар