Тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан балаларды жоғарғы оқу орындарында тегін оқыту мүмкіндіктері қарастырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан балаларды жоғарғы оқу орындарында тегін оқыту мүмкіндіктері қарастырылуда

Тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан балаларды жоғарғы оқу орындарында тегін оқыту мүмкіндіктері қарастырылуда

Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар жоғарғы оқу орындарында тегін білімс алу мүмкіндігіне ие болуы мүмкін.

  • 16 Қаңтар 2014
  • 3941
Фото - Caravan.kz

Өйткені, олардың мәртебесі білім гранттарын бөлген кезде міндетті түрде ескеріледі. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлім етті.

«Біздің ойымызша, алдағы уақытта грант беру жүйесі өзгеріске ұшырайды. Онда халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған тобы ерекше ескеріледі», — деді ол мәжілістің мәдени-әлеуметтік даму комитетінің кеңейтілген отырысында.

Вице-министр Қазақстанда мемлекеттік білім гранттарын бөлу жүйесі 1999 жылдан бері өзгермегенін атап өтті.

«Оның басты идеясы – оқушыларымыздың оқуағы жетістіктері болып табылады. Бірақ, бір жағынан алып қарасақ, қазір әлемде, жалпы, бізде де… әлеуметтік тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалардың грант негізінде жоғарғы блім алуына мүмкіндік беру үрдісі қалыптасып келеді», — деп түсіндірді вице-министр.