Тыңшылыққа қатысы бар деген күдікпен кептер қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тыңшылыққа қатысы бар деген күдікпен кептер қамауға алынды

Тыңшылыққа қатысы бар деген күдікпен кептер қамауға алынды

Үндістанда полиция Пәкістаннан ұшып келген кептерді қамауға алды. Үндістанның қауіпсіздік қызметі бейбітшіліктің символына айналған құсты «көрші мемлекеттің жансызы» деп күдіктеніп отыр.

  • 1 Маусым 2015
  • 630
Фото - Caravan.kz


Бұл жайында «The Times of India» ақпарат көзі хабар таратты. Аяғына урду тілінде жазу жазылған қағаз байланған кептер Патханкот қаласында көзге түскен. Урду тілі Пәкістанның кейбір аудандарында қолданылады. Балалардың бірі оны жергілікті шаштараз маңынан қолға түсіріп, полиция бөлімшесіне жеткізген. Полиция қызметкерлері кептерді рентгеннен өткізгенімен күдікті ештеңе байқалмаған. Десе де, кептер қазіргі уақытта қамауда, деп жазады islam.kz.