"Түрмеде отырып байланысқа шыға береді"": 6,5 жылға сотталған актер ерекше жазба жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+34 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Түрмеде отырып байланысқа шыға береді"": 6,5 жылға сотталған актер ерекше жазба жариялады

"Түрмеде отырып байланысқа шыға береді"": 6,5 жылға сотталған актер ерекше жазба жариялады

Алматыдағы караоке-барлардың бірінде болған төбелеске қатысқаны үшін 6,5 жылға сотталған актер Асқар Жұмабеков Instagram желісінде сүйіктісімен түскен суретін жариялап, сезімге толы жазба қалдырды.

  • 16 Мамыр
  • 126
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Ешқашан…Естисіздер ме, ешқашан сізді сүйген адамның көңіліне тиіп, ренжітпеңіз. Тіпті сіздің ол адамға деген ешқандай сезіміңіз болмаса да. Себебі, сіз қиын жағдайға тап болғанда сол адам ғана жаныңыздан табылуы мүмкін», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары түрмеде жазасын өтеп жатқан актердің әлеуметтік желіге жазба жариялағанына таң қалуда.

«Түрмеде отырып байланысқа шыға береді», «Осы сүйген қызының ағасын қорғаймын деп түрмеге түсті», «Бұны кім салып отыр, түрмеде телефон ұстап отыра ма», «Бір күн бұрын салынған пост екен, қалай салып отыр», «Түрмеде телефон ұстаса, жағдайы жақсы ғой», — деп жазды олар.