«Бүгінде Қазалы мен Аралдың арасын есепке алмағанда жалпы Сырдария толық мұздан таза, мұз құрсап жатқан бірнеше учаске ғана бар. Бірақ олардан су өтіп жатыр, қауіп жоқ», — деді В. Петров.
«Бірқатар министрліктер мен әкімшіліктердің үйлесімді іс-қимылының арқасында Сырдарияда сеңнің қандайбір оқыс оқиғаларсыз өту мүмкіндігі қамтамасыз етілді деп нық сеніммен айта аламыз», — деді ол.
Осыған байланысты, вице-министрдің айтуынша, ТЖМ-нің негізгі күштері бүгін Қызылордада жиналып, «одан әрі тұрақты орналасқан жерлеріне қайтады». «Қазалы ауданында қандайбір оқыс оқиғаға деп кезекшілік жасау үшін Оңтүстік аймақтық жедел құтқару отряды мен Қызылорда қалалық ТЖМ отряды қалмақ», -деді В. Петров.
Оның мәліметінше, ТЖМ күшімен Сырдарияның арнасын бойлай 1200 шақырым аумақ бақылауға алынып, 89,6 шақырым бөгет нығайтылып, жаңадан 64,2 шақырым қорғаныс бөгеттері тұрғызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті