ҰБТ: Алғашқы екі күнде он оқушы 123 балл жинады - ОҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ: Алғашқы екі күнде он оқушы 123 балл жинады - ОҚО

ҰБТ: Алғашқы екі күнде он оқушы 123 балл жинады - ОҚО

Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші күнінде 2449 оқушы  ҰБТ тапсырып, облыстың орташа көрсеткіші  83,3 баллды көрсетті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

  • 4 Маусым 2015
  • 684
Фото - Caravan.kz

Осы күні «Алтын белгіге» үміткер 186 түлек сынаққа кіріп, олардың 61 пайызы өз білімдерін растады. Жалпы кеше оңтүстікқазақстандық 7 оқушы 123 балл жинаған. Екі күннің қорытындысы бойынша облыстың орта баллы  80,1 болды, ал 285 оқушы «Алтын белгісін» растады. Он түлек 123 балл жинады.

Биылғы жылы облыста 30982 мектеп бітірушінің 18592-сі ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш берді. Оның ішінде өңірдегі 96 бала халықаралық олимпиада мен ғылыми жобалар жарысының жеңімпаздары ҰБТ тапсырудан босатылған, яғни жоғары оқу орындарына түсуге грант жеңіп алған.