деп хабарланған Павлодар облысының білім беру басқармасының сайтында.
Ұлттық тестілеу орталығы бекіткен Павлодар облысында ҰБТ-ны өткізу кестесіне сәйкес 2 және 4 маусымда тестілеу 10 ҰБТ өткізу пунктерінде өткізілді.
Облыстағы мектеп бітірушілердің жалпы саны — 3768, оның 2608-і (69,2 %) ҰБТ-ға қатысты. 98 мектеп бітіруші халықаралық сайыстардың жүлдегерлері мен қатысушылары ретінде ҰБТ-дан босатылды. Облыс бойынша тестілеудің орташа балы 80,2 құрайды (2014 жылдың орташа балы — 79,85). 503 мектеп бітіруші 100 баллдан жоғары нәтиже көрсетті (19,3%).
Ең жоғарғы орташа балл Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебіне тиесілі — 108,52 балл. Сонымен қатар жоғары балл жинаған мектептер қатарына дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейі — 106,83, көп салалы лицей-интернаты — 104,47, Павлодар қаласының №3 гимназиясы — 101,84, дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейі (98,45 балл) жатады. Қалалар арасында ең жоғарғы нәтиже Ақсу қаласында — 84,94 балл, аудандар арасында Май ауданында — 82,93 балл.
Ең үздік нәтиже — дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінің түлегі Жансая Райымова 124 баллға қол жеткізді. Май ауданының Қазақстандық ЖОМ-нің түлегі Сағидолла Сәкенов 123 баллға ие болды. «Жас дарын» мектебінің түлегі Әдия Сәбит, Лебяжі ауданының Абай атындағы орта мектебінің Кәмила Беркімбаева мен дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінің түлегі Айдана Құсманғазинова — 122 балл, жеті түлек 121 баллдан жинады.
124 «Алтын белгі» аттестатына үміткердің 60-сы (48,4%) білімдерін растады. Сегіз үміткерге білімдерін растауға 1 баллдан жетпеді, 27-сі бір пәннен «4» деген бағаға ие болды. 64 үздік аттестатына үміткердің 19-ы (29,7%) білімдерін растады.
Барлық мәлімет апелляциясыз келтірілген. ҰБТ өткізу барысында мектеп бітірушілерімен ереже бұзу деректері тіркелген жоқ.