ҰБТ сұрақтарының 20 мыңы жаңартылды - Білім министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ сұрақтарының 20 мыңы жаңартылды - Білім министрі

ҰБТ сұрақтарының 20 мыңы жаңартылды - Білім министрі

ҰБТ сұрақтарының 20 мыңы жаңартылды. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті. 

  • 2 Маусым 2015
  • 651
Фото - Caravan.kz

«Биыл ҰБТ сұрақтарының 20 мыңы жаңартылды. Мұқият қарап шықтық. Оның басым бөлігі логикалық сұрақтар», — деді ол тілшілерге берген сұхбатында.

Биыл ҰБТ-ға жалпы 87 мыңнан астам оқушы қатысады деп жоспарланған. Бұл, жалпы түлектер санының 71 пайызы. Олардың ішінде қазақ тілді оқушылар саны — 62 мыңнан асады, ал 25 мыңы — орыс тілді.

Айта кету керек, биыл 12 жылдық оқу бағдарламасымен мектеп бітірген оқушылар алғаш рет ҰБТ-ға қатысады. Түлектерге үлкен өмірге жолдама беретін Ұлттық тест 2-8 маусым аралығында өтеді.

Республика бойынша, 165 пункт жарақталды. Айта кету керек, биылдан бастап, ҰБТ-ның ережелері өзгертілді.


2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12