ҰБТ: Тыйым салынған заттарды қолданған бітірушілер тестілеуден шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ: Тыйым салынған заттарды қолданған бітірушілер тестілеуден шығарылды

ҰБТ: Тыйым салынған заттарды қолданған бітірушілер тестілеуден шығарылды

Бүгінгі күнге дейін ұлттық бірыңғай тестілеудің екі күні өткізілді. Тестілеудің бірінші күні 48 ҰБТӨП-тің, екінші күні 59 ҰБТӨП-тің базасында өтті, деп хабарлайды

  • 4 Маусым 2015
  • 480
Фото - Caravan.kz

Ұлттық тестілеу орталығынан.

2 және 3 маусым күндері өткізілген тестілеуге 37 066 мектеп бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде — 26 592, орыс тілінде — 10 474 түлек бұл сынақты тапсырды.

Тестілеудің екі күнінде мүмкін болған 125 балды 2 бітіруші жинады. Олар: Ердосова Гүлнәз Жандосқызы, «Қазақ классикалық Б.Момышұлы атындағы №45 гимназия», тестілеуді М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің базасындағы ҰБТӨП-те (Тараз қаласы) тапсырған; Мұстафина Риана Еркінқызы,«№59 мектеп-лицей ММ», тестілеуді Қазақ гуманитарлық заң университетінің базасындағы ҰБТӨП-те (Астана қаласы).


Тестілеудің бірінші күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 33 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде: тестілеуге кіргізу барысында бөтен тұлға ұсталған — 3 бітіруші; тестілеу өткізу барысында бөтен тұлға ұсталған — 19 бітіруші; — ұялы байланыс телефондарын пайдаланған — 8 бітіруші; тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан — 1 бітіруші; емтихан материалдарын бүлдірген — 1 бітіруші; рацияны қолданған — 1 бітіруші болды.