ҮЕҰ-лар ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетін министрліктің құзырынан шығарып, жеке орган ретінде құруды ұсынып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҮЕҰ-лар ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетін министрліктің құзырынан шығарып, жеке орган ретінде құруды ұсынып отыр

ҮЕҰ-лар ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетін министрліктің құзырынан шығарып, жеке орган ретінде құруды ұсынып отыр

Бүгін Астанада Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі талқыланған дөңгелек үстел отырысы өтті.

  • 7 Маусым 2011
  • 522
Фото - Caravan.kz

Онда «Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы Зүлфия Байсақова, Қазақстанда балалардың құқығын қорғау жүйесі әлі күнге дейін жүйелі жолға қойылмағандығын айтты.

«ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанынан Балалар құқығын қорғау комитетінің құрылуы — балалар құқығын қорғау механизмін құруға жасалған талпыныс қана болды. Қолдағы статистика Комитетті министрліктің қарамағынан шығарып, балалар проблемаларын айтып бара алатын, өз құқықтарын ересектермен тең қорғай алатын — балалардың құқығын қорғау бойынша жеке органды құру қажеттігін көрсетіп отыр», — деді ол.

ҮЕҰ төрайымы сонымен бірге, Қазақстанда отбасымен жұмыс істеу бойынша арнайы бағдарламаны әзірлеуді ұсынды. «Бағдарламада ата-аналарға баса назар аудару керек. Бізде ата-аналармен жұмыс істейтін бірде-бір мекеме не институт жоқ. Біз, әбалалар біздің болашағымыз» дей отыра, олардың арамызда бүгінгі күні өмір сүріп жатқанын ұмытып кетеміз», — дейді ол.

З.Байсақова, балалар мен жасөспірімдерге арналған, демалыстарсыз тәулік бойы жұмыс істейтін «150» нөмірлі ұлттық сенім телефон желісінің (Қазақстанның кез келген түкпірінен қоңырау тегін шалынады) жұмысы туралы айта келе, 2011 жылдың үш айында 107 мың, соның ішінде балалардың құқығын бұзу фактілеріне қатысты 1648 қоңырау шалынғанын жеткізді.

«Келіп түскен қоңырауларға жасалған талдау, балаларымыздың өзара тіл табысуы төмендегенін көрсетті. Оған өмірімізге қарқынмен еніп жатқан инфо-коммуникациялық технологиялар себепші. Жағымсыз ақпараттардың үздіксіз ағыны — интернет, телеарналар. Бұл түптеп келгенде ересектердің шарасыз отыруының салдары», — дейді ол.

Сондай-ақ ол, «Нұр Отан» партиясының соңғы съезінде Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанда балалар мен жастарды бір идея айналасына жұмылдыратын ұйымдар құру тапсырмасын тілге тиек етіп, осы уақытқа дейін не билік, не ҮЕҰ-лар тарапынан ондай ұйымдарды құруға талпыныс жасалмағанын, не бұл мәселеде балалардың өздеріне қолғабыс етуге әзірліктері туралы ишара білдірілмегенін өкінішпен айтты.

Соңғы жаңалықтар