Кейт нәрестеге өзінің жолдасының анасы, қаза тапқан атақты ханшайымның құрметіне Диана есімін беруге ниетті».
Бұл туралы бұдан бұрын Кембридж герцогинясында қыз тууы мүмкін деп жазған Globe журналы хабарлаған.
Айта кетейік, Букингем сарайы Кембридж герцогинясы Кейт Миддлтонның жүкті болғанын растаған еді. Бұл туралы ресми ақпарат британиялық монархияның Facebook желісіндегі парақшасында пайда болды.
Уильям мен Кэйт жанұясындағы тұңғыш нәресте 2013 жылдың 22 шілдесінде дүниеге келген. Сәбиге Георг Александер Луи есімі берілді. II Елизавета патшайымның шөбересі — Ұлыбритания тағының үшінші мұрагері.