«Біз мүлікке салынатын салықты екіге бөлдік. Біріншісі -150 шаршы метрден кем емес үйлер, ал екіншісі — одан төмен жылжымайтын мүлік. Бірақ 150 шаршы метрге дейін де тиісті санаттар болады. Мәселен, 30-45 шаршы метрге дейінгі баспаналардан бастап жоғары кете береді. Біздіңше, салық жекеменшікте бар жылжымайтын мүліктің көлеміне қарай төленуі тиіс. Үйіңіз үлкен болса, салықты да көп төлейсіз», — дейді Е.Досаев.