Үйлерін су шайып кеткен Ақтөбе облысының тұрғындарына билік өкілдері жаңа баспана салу үшін 54 млн теңге бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үйлерін  су шайып кеткен Ақтөбе облысының тұрғындарына билік өкілдері жаңа баспана салу үшін 54 млн теңге бөлді

Үйлерін су шайып кеткен Ақтөбе облысының тұрғындарына билік өкілдері жаңа баспана салу үшін 54 млн теңге бөлді

АҚТӨБЕ. 17 - мамыр. Kazakhstan Today. Үйлерін жаңбыр суы шайып кеткен Ақтөбе облысы Ойыл ауданының тұрғындарына билік өкілдері жаңа баспана салу үшін 54 млн теңге бөлді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 17 Мамыр 2007
  • 479
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар және мобилизациялық дайындық жөніндегі басқарма бастығы Қайырқожа Елеусізовтың хабарлауынша, 54 үйдің құрылысына облыс әкімінің резервтегі ақшасы бөлінген. Сонымен қатар, ол зардап шеккен отбасыларға 10 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілгендігін атап өтті.

«Сондай-ақ нөсер жаңбыр салдарынан зардап шеккен 86 тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы мәселе де шешіліп жатыр»,- деп қосты Қ. Елеусізов.

Ол сондай-ақ, құрылыс департаментіне жаңа үйлерді салуды мамыр айында бастау тапсырылғандығын хабарлады.

Бұрындары хабарлағанымыздай, Ақтөбе облысының Ойыл ауданының сегіз елді мекенінде 13 мен 16-шы сәуір аралығында жауған нөсер жаңбыр салдарынан 1890 — 1920 жылдары салынған 54 үй қирап қалған болатын. Тағы жүздей үй бүлінген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті