Ұйқы дертінен зардап шеккен Калачиде енді мектеп дауы! - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұйқы дертінен зардап шеккен Калачиде енді мектеп дауы!

Ұйқы дертінен зардап шеккен Калачиде енді мектеп дауы!

Ақмола облысындағы атышулы Калачи мен Красногор жұртынан тағы маза кетті. Бұл жолы оларды қысқан ұйқы емес, жалғыз мектептің жыры. Білім ордасын жауып, балаларды интернатқа орналастырамыз деген шенеуніктерге жұрт үзілді-кесілді қарсы. «Бұл – бізді де осы жерден түгел көшірудің амалы» дейді олар. Естеріңізге салсақ, осыдан 3 жыл бұрын белгісіз дерт Калачи мен Красногор тұрғындарын бірінен соң бірін сұлатқан. Ал сырқаттың сырын мамандар сол күйі анықтай алмады. Сондықтан тұрғындарды жаппай көшіру мәселесі қолға алынған болатын.

  • 5 Қыркүйек 2015
  • 342
Фото - Caravan.kz

Калачида  223, ал Красногорда 90 отбасы отыр. Баспаналарын тастап, әкімдік ұсынған жалдамалы пәтерге көшуге барлығы да қарсы. Ал жергілікті билік енді мектепті жауып, жұртты орындарынан қозғалтудың жолын тапқан сыңайлы.

Елена Кухта, Калачи ауылының тұрғыны:

— Бізді көшуге мәжбүрлеп отыр. Ауыл мектебін бірінші тоқсанға ғана қалдырды. Ешкім баласын интернатқа жібергісі келмейді.Ал атқамінерлер ата-аналық құқығымыздан айырамыз деп қорқытты бізді.

Калачи мектебі 2 жыл бұрын 60 миллион теңгеге жөндеуден өткен. Мұнда Красногор кентінің де балалары оқиды.

Александр Ратц, Красногор кентінің тұрғыны:

— Олар бізді мәжбүрлеп отыр. Екі апта болды суды тоқтатып тастады. Облыс әкімі қалайда көшіремін дейді. Жалға алған үйден ертең шық десе ше?

Бұрынғы уран кеніші маңындағы бұл екі елді-мекеннің тұрғындары  белгісіз «ұйқы» ауруына шалдығып, талай дүрліккені есте. 170 адам есінен танып, бірнеше күн бойы сандырақтап жатқан. Оның 22-сі бала. Осыдан кейін республикалық радиология институтының мамандары келіп, түрлі сынамалар алып, адамды да, топырақ пен суды да тексерген. Бірақ тоқ етерін әлі айта алмай отыр. Ал жергілікті билік тұрғындардың «күштеп көшірмек» деген сөзін теріске шығарды.

Аманбек Қалжанов, Есіл ауданының әкімі:

— Енді Калачи поселкасын жап деген ешқандай Үкіметтен не жоқ. Сонный болезньнің ұлғаюына байланысты специалистердің айтуы бойынша осы мемлекеттік программа «жол картасы 2020» кіргізгеннен кейін үгіт насихат жүргізіп жатырмыз. Бірақ ешкімді ешкім зорлап жатқан жоқ.

Осы бағдарлама бойынша, ұйқышыл елді мекендердің жұртын көшіруге мемлекеттен 2 млрд теңге қарастырылыпты. Қазір бұл қаражатқа Есіл және Державинск қалаларында көпқабатты 3 үйдің құрылысы жүріп жатыр.    

Соңғы жаңалықтар