Ұйқысыздыққа қарсы дәрі адамды алжытып жіберуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұйқысыздыққа қарсы дәрі адамды алжытып жіберуі мүмкін

Ұйқысыздыққа қарсы дәрі адамды алжытып жіберуі мүмкін

Адам үрей мен ұйқысыздыққа қарсы дәріні ұзақ уақыт қабылдаса, алжып, Альцгеймер ауруына шалдығуы мүмкін, деп хабарлады ВВС канадалықтардың зерттеуіне сілтеме жасай отырып. 

  • 12 Қыркүйек 2014
  • 589
Фото - Caravan.kz


Ғалымдардың мұндай ғылыми тұжырым жасауына себеп болған зерттеу нәтижелері көрсеткендей, есінен ауысқан адамдар дәріні кемінде үш ай ішкен. Сол кезде аталған аурудың асқыну қауіпі 51 пайызға артқан.

Нұсқаулықтарда ондай дәріні 8-12 апта қабылдау қажет деп көрсетілген. Бірақ, кейбір адамдар өздері терапеяны ұзартып алады. Оны үш ай қабылдау қауіпті мерзім екенін ескермейді. Зерттеу жүргізген Бордо университеті қызметкерлері 66 жастан жоғары адамдардағы Альцгеймер ауруы бойынша тіркелген 200 жағдайды зерттеген. Барлық егде адамдар бензодиазепин ішкен. Олардың жағдайы бақылау тобымен (сол жастағы 7000 сау адамдар) салыстырылды. Зерттеу кейде сол Альцгеймер ауруының өзі ұйқыны бұзып, үрей тудыратынын анықтады. Сондықтан, дәрі қабылдау ауруға себеп болуы әбден мүмкін. Қалай болғанда да, дәріні ұзақ қабылдау қауіпті, дейді ғалымдар.