Жарияланды: 20

Уханьнан келгендердің ешбірінен коронавирус табылмады

Уханьнан келгендердің ешбірінен коронавирус табылмады

"Өлім вирусының" ошағына айналған Ухань қаласынан елге эвакуацияланған азаматтар коронавирус жұқтырмаған. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

"Кеше Ухань қаласынан 89 адам эвакуацияланды. Олардың арасында 83 қазақстандық, олардың 80-і студент, 5 Беларусь азаматы және бір Армения азаматы бар. Олардың барлығынан сынама алынды, жағдайлары қанағаттанарлық. Дене қызуы қалыпты, шағым жоқ. Келгендердің ешбірінен коронавирус табылмады. Бұл зертханалық түрде дәлелденді. Соған қарамастан, олар 14 күн карантинде болады," - деді Жандарбек Бекшин бүгінгі брифингте.

Баршаңызға мәлім, кеше ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы Қытайдың Ухань қаласынан 83 қазақстандықты арнайы бортпен елге жеткізген болатын. 

Келген азаматтар елордадан 7 шақырым жерде орналасқан көпбейінді аурухана жанындағы инфекцияға қарсы арнайы корпуста оқшауланып,  14 күндік карантинге жатқызылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін