«2008 жылғы басты мақсат — инфляциямен күрес», — деп мәлімдеді премьер-министр.
Ол «тариф белгілеу, 2008 жылы тарифтердің негізсіз өсуі, азық-түлік өнімдері бағасының негізсіз өсімі мәселелеріне аса қатаң бақылау қойылатынын» атап өтті.
«Бұл құбылыспен біз нарықтық тәсілдермен, соның ішінде интервенцияның есебінен күресетін боламыз», -деді Кәрім Мәсімов.
Сонымен бірге премьер-министр, «2008 жыл біз үшін тұрақтылық жылы болуға тиіс» деген пікірде. «Экономиканың сәл-пәл «салқындауы» біз үшін пайда болмақ», -деп пайымдайды ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті