Жарияланды: 370

Үкімет алдағы жарты жылда кәсіпкерлерге берілетін лицензиялар мен рұқсаттар санын 5-10 есе азайтуы тиіс - мемлекет басшысы

Үкімет алдағы жарты жылда кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысуға қажетті лицензиялар мен рұқсаттар санын 5-10 есе азайтуы тиіс. Бұл туралы бүгін, 31-қазанда Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, "еліміздегі кәсіпкерлерге берілетін лицензиялар мен әртүрлі рұқсаттар саны шектен шықты". "Кәсіпкерлерге берілетін лицензиялар мен рұқсаттарға әкімдер мен мекемелер өз бағаларын белгілейтін болды",- деді Елбасы. "Халық арасында тіпті : "мекемеге жаңа министр келді ме, онда сол мекеменің қызметіне жаңа баға белгіленеді деп біл" деген жаңа жорамал қалыптасты " ,- деді Н.Назарбаев. Елбасының пікірінше, тыйымдар мен шектеулер санының артуы елдің экономикалық өсімінің міндетті түрде кемуіне апарып соғады. Осыған байланысты мемлекет басшысы үкіметке кәсіпкерлерге берілетін рұқсат құжаттарының санын азайту туралы тапсырма берді. Сондай-ақ, алдағы уақытта республикалық мемлекеттік кәсіпорындар да өздерінің кәсіпкерлерге беретін рұқсаттарының қажеттігін нақты негіздеме көмегімен дәлелдеуге тиіс. Н.Назарбаевтың айтуынша, рұқсат құжаттарын беру қажеттігін дәлелдей алмаған республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан бұл функция алынуы тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін