Үкімет азық-түлік бағасын тежеуге көңіл бөлу керек -премьер - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет азық-түлік бағасын тежеуге көңіл бөлу керек -премьер

Үкімет азық-түлік бағасын тежеуге көңіл бөлу керек -премьер

Астана. 17 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет азық-түлік бағасын тежеуге көңіл бөлу керек. Бұл туралы өткен селекторлық алқа жиынында премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Наурыз 2008
  • 475
Фото - Caravan.kz

«Біз үшін негізгі мәселе — көктем мен жазда инфляцияны тежеу болып отыр. Оны біз көкөніс, жеміс- жидек және басқа да азық-түліктердің бағасын төмендету арқылы жасауымызға болады. Бұл жұмысқа ерекше назар аудару керек «, — деп мәлімдеді К. Мәсімов.

«Әзірге біз осы жылы белгіленген 10% инфляция дәлізінде келе жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстың шылбырын босатуға болмайды «, — деп атап өтті ол.

Премьер-министр облыс әкімдері мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жетекшілеріне (ӘКК) «көкөніс пен жеміс-жидек саласындағы» жұмысты жандандырып, «азық-түлік бағаларының тұрақты болуын қолдау» саласындағы «жағдайды бақылауда ұстауды» тапсырды.

«Қазір біз мемлекет басшысына және еліміздің халқына инфляцияны тежеу жөнінде берген уәдемізді орындауымыз үшін азық-түлік тобымен жұмыс істеуіміз керек «, — деп атап өтті К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті