Жарияланды: 520

Үкімет басшысы Астана және Алматы қалаларында 2011 жылы VII қысқы Азия ойындарын өткізу жөніндегі мастер-жоспарды дайындауды жеделдетуді тапсырды

Астана. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Астана және Алматы қалаларында 2011 жылы VII қысқы Азия ойындарын өткізу жөніндегі мастер-жоспарды дайындауды жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Астана және Алматы қалаларында 2011 жылы VII қысқы Азия ойындарына дайындық жүргізу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. Премьер-министр бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктеріне Алматыда баспасөз орталығының құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу және жобалау, құрылыс инфрақұрылымы мен объектілердің инженерлік желілері үшін қаражат бөлу, Азия ойындарын өткізу жөніндегі мастер-жоспарды әзірлеу, шаңғы стадионының құрылысы және сумен қамтуға арналған техникалық жағдай туғызуға жер телімдерін бөлу үдерісін жеделдету туралы бірқатар тапсырма берді. Ұйымдастыру комитетінің талқылауына Астана, Алматы қалаларында және Алматы облысындағы Азия ойындары объектілерін қайта құрылымдау және құрылыс, жер телімдерін бөлу, қаржыландыру мәселесі енгізілді. Сондай-ақ, ұйымдастыру комитетінің мүшелері аталған ғимараттарды сумен және электрмен қамтуға арналған техникалық жағдайына, жолдар төсуге, спорттық объектілерге инженерлік желілер жүргізуге арналған құжаттамалардың жобалық-сметалық әзірлік мәселесін қарады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть