Үкімет басшысы эпиджағдайды бақылауда ұстауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы эпиджағдайды бақылауда ұстауды тапсырды

Үкімет басшысы эпиджағдайды бақылауда ұстауды тапсырды

Үкімет басшысы эпиджағдайды бақылауда ұстауды тапсырды

  • 28 Қыркүйек 2021
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин хабарлады. Оның айтуынша, елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды жалғастыру қажет, деп жазды Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде эпиджағдай жақсарып келеді. Барлық өңірде вирус жұқтыру дерегі төмендеген. Дегенмен, «қызыл» аймақта Алматы және Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Павлодар мен Ақмола облыстары тұр, — деп атап өтті Асқар Мамин.

Үкімет басшысының хабарлауынша, эпиджағжайды бақылауда ұстау керектігін, атап айтқанда, халықты вакциналауды жалғастыруды және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Халықты тұмауға қарсы вакциналауды жандандырып, медициналық ұйымдардың тұмау жұқтырған науқастарды қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету қажет,
— деді Министрлер кабинетінің басшысы.

Сондай-ақ Премьер-министр күзде көбірек таралатын тұмау және басқа да респираторлық инфекциялар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды қабылдау қажет екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде тұмауға қарсы вакцинаның 2,5 млн дозасы сатып алынғаны туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар