Жарияланды: 370

Үкімет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің бизнес-тобының директоры Оливье Декампамен кездесті

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша бизнес-топтың директоры Оливье Декампамен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесушілер әлемдік экономиканың жағдайын, қазақстандық экономиканы дамыту перспективасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен ЕҚДБ-нің ынтымақтастығы мәселесін талқылады. Бұдан басқа, еліміздің экономикасын тұрақтандыру жөнінде Қазақстан Үкіметі қабылдаған шаралар туралы пікір алмасылды. О. Декампа "бұл барлық проблемалық қырлары ескерілген, жан-жақты бағдарлама. Үкімет тек банктік секторды ғана емес, жалпы, өте маңызды, экономиканың нақты секторын да қолдауы мүмкін. Бұл бағдарлама қарастыратын тетіктер қазіргі жағдайға пара-пар. Біз үкіметтің дағдарысқа бағдарламасы жария етілетін 25 қарашада толық хабардар боламыз деп үміттенеміз" деп атап өтті. Одан әрі ЕҚДБ-нің өкілі экономиканың нақты секторындағы қазақстандық жобаларға қолдау көрсетуге және сауда операцияларын қорландыруды, сондай-ақ айналымдағы қаражатты қаржыландыруды қамтамасыз етуге әзір екенін жеткізді. "Мен инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаны іске асыруды жалғастыру қажет деп ойлаймын. Сондықтан біз осы сектордағы, сондай-ақ энергетика саласындағы жобалар бойынша өзара белсенді әрекет етеміз",- деді ол. Кәрім Мәсімов пен Оливье Декампа табысты және тығыз ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін