Үкімет басшысы мемлекеттік мекемелерге Селолық кредиттік серіктестіктерді дамытуға байланысты мәселені бір айдың ішінде қарауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы мемлекеттік мекемелерге Селолық кредиттік серіктестіктерді дамытуға байланысты мәселені бір айдың ішінде қарауды тапсырды

Үкімет басшысы мемлекеттік мекемелерге Селолық кредиттік серіктестіктерді дамытуға байланысты мәселені бір айдың ішінде қарауды тапсырды

Кеше, 24-маусымда үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте Селолық кредиттік серіктестіктердің іс-қызметіне қатысты мәселе қаралды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Маусым 2004
  • 637
Фото - Caravan.kz

2001 жылғы Үкімет қаулысына сәйкес жүзеге асырылып жатқан алғашқы жоба, мемлекеттің толыққанды қатысуымен құрылған «Аграрлық кредиттік корпорациясы» ЖАҚ және өңірлік қаржы институттарының желісі — селолық кредиттік серіктестіктер (СКС) жұмысы оң нәтиже әкелді.

Бүгінде республиканың 12 облысында 84 СКС жұмыс істеуде, оларға иелігінде 5,5 млн. гектар жері бар, 2733 әртүрлі ауыл шаруашылық құрылымдары құрылтайшы болған. Серіктестіктер 1036 ауыл шаруашылық ұйымдарына 4,6 млрд. теңге кредит берді, ал СКС корпорацияның кредиттік ресурстарын толық қайтарған.
2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдаймен 27 СКС 34,7 млн. теңге көлемінде таза кіріске қол жеткізді, соның ішінде 17 серіктестік 49,4 млн. теңге көлемінде қаржылай табысқа ие болып отыр. Талдау көрсеткендей, 2001-2003 жылдары аралығында СКС жеке капиталы 10 есе өскен, бұл алғашқы жобаның тиімділігін көрсетеді. Аграрлық сектордағы жаңа кредиттік институттың құрылуы ауыл тұрғындарының үлкен сеніміне ие болумен қатар, табысқа қол жеткізіп отырғанын атап өткен премьер-министр кеңеске қатысушылар назарын енді ауыл шаруашылығы өндірушілерін ынталандыру үшін бұл бағыттағы жаңа қадамдарды жасауға мүмкіндіктер барына аударды.
«Келесі жылы біз СКС жұмыс істеуі үшін қосымша 3 млрд. теңге бөлеміз — бұл бюджетте қарастырылған — аграрлық секторды нақты қолдау үшін бізде қандай мүмкіндіктер бар екенін, қандай дұрыс шешім қабылдау керектігін қарастыруға тиіспіз. Ауылшаруашылығын қолдауға ауқымды ресурстар қажет»,- деді Даниал Ахметов.
Сонымен қатар, біріншіден, несие алу жөніндегі өтініштерді заңнамаға сәйкес рәсімдеу және қарау көп уақыт алады, саладағы жұмыстардың науқандық сипатын ескергенде фермерлер үшін бұл тиімсіз. Екіншіден, бюджет қаржысының жетіспеушілігі жағдайында ауылдарда СКС жүйесі ойдағыдай дамымай, ауылдарды жаппай қамти алмай отыр. Үшіншіден, кепілдік база нашар. Ауылдағы жаңа кредиттік институтты дамытуға кедергі болып отырған өзге де проблемалар баршылық.
Атап айтқанда, мамандардың есептеуінше, 2005-жылы селолық кредиттік серіктестіктердің капитал қорын ұлғайту қажеттігі туындауына байланысты СКС кредиттік ресурстардың жетіспеушілігін бастан кешіргелі отыр. Осыған байланысты үкімет басшысы мемлекеттік мекемелерге Селолық кредиттік серіктестіктерді дамытуға байланысты мәселені бір айдың ішінде қарауды тапсырды.
Мәселен, СКС тарататын кредиттердің өсімақысын төмендету, ауылшаруашылығы саласындағы іс-қызметке маманданған ауыл шаруашылық банкі немесе қор құру, саладағы қаржылық жүйені жетілдіруге және агроөнеркәсіптік процестерге қатысушы барлық тараптардың жұмыстарын реттейтін заң немесе жаңа мемлекеттік бағдарлама әзірлеу мүмкіндіктері қарастырылмақшы.

Соңғы жаңалықтар