Жарияланды: 590

Үкімет басшысы мен АҚШ мемлекеттік хатшысы екі ел ағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайлы бірқатар мәселелерді талқылады

Астана. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін ҚР үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сұхбаттасушылар Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың бірқатар мәселелерін талқылады. К.Мәсімов Қазақстан нарықтық экономиканың базалық ұстанымдары - толыққанды, сындарлы әріптестік ынтымақтастықты, шетелдік инвесторлардың құқықтарын құрметтеуді жақтайды және бұрын жасалған келісім-шарттардың тұрақтылығына кепілдік береді, деп атап өтті. К.Мәсімов келісім-шарттардың бұлжымастығы ұстанымдары үкімет тарапынан да, инвесторлар тарапынан да сақталуы тиіс, деп атап көрсетті. Премьер-министр Қазақстанның энергия тасымалдауда, соның ішінде Әзербайжан мен Грузия арқылы да, бұрынғыша көпвекторлы саясатты жүргізуді жақтаушы болып қалатынын қуаттады. "Біз Қазақстанның аймақтағы рөлі мен орнын, азық-түлік қауіпсіздігі саласында да, энергетикалық қауіпсіздікте де, бізге жүктелген бүкіл Орталық Азиядағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жауапкершілігін жақсы түсінеміз" - деді Кәрім Мәсімов. Бұдан басқа, кездесу барысында Ауғанстан экономикасына қазақстандық инвестицияларды тарту мәселесі талқыланды. К.Райс Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы көшбасшы ретіндегі жұмысын АҚШ оң бағалайтынын және қолдайтынын атап өтті. Мемлекеттік хатшы Ауғанстанға жүйелі, стратегиялық маңызды инвестициялар қажет және "Қазақстан бұл орайда Ауғанстанға елеулі көмек көрсете алар еді", деп атап өтті. К.Райс қазақстандық бітімгершілік күштеріне ынтымақтастығы және Ирак аумағын минадан тазартудағы күш-жігері үшін зор алғысын жеткізді. "Мен АҚШ-тың жаңа әкімшілігінің де Қазақстанмен жақсы және берік қатынастар орнататынына сенемін. Қазақстан - аймақтағы өте маңызды мемлекет", - деді ол. Кездесуге қатысушылар ҚР мен АҚШ арасындағы қатынастардың ілгерілеп отырғанын атап өтті және олардың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін