Үкімет басшысы министрліктер мен мекемелерге Қазақстанның ДСҰ-на кіруі үдерісінде барлық келісімдер позициясын әзірлеу туралы тапсырма берді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы министрліктер мен мекемелерге Қазақстанның ДСҰ-на кіруі үдерісінде барлық келісімдер позициясын әзірлеу туралы тапсырма берді

Үкімет басшысы министрліктер мен мекемелерге Қазақстанның ДСҰ-на кіруі үдерісінде барлық келісімдер позициясын әзірлеу туралы тапсырма берді

АСТАНА. 10-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 10 Сәуiр 2007
  • 418
Фото - Caravan.kz

Кеңесте негізгі баяндаманы индустрия және сауда министрінің орынбасары Жанар Айтжанова жасады.

Атап айтқанда, Қазақстанның сыртқы сауда заңнамасын және құқықтық қабылдаулар іс-тәжірибесін ДСҰ-ның нормаларына келтіруге байланысты жүйелі сипаттағы мәселелер қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министр барлық салалық министрліктер мен ведомстволарға Қазақстанның ДСҰ-на кіруі үдерісінде барлық келісімдер позициясын әзірлеу туралы тапсырма берді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті