Үкімет басшысы Петропавлда ұлттық компаниялардың іс-қызметіне қатысты кеңес өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Петропавлда ұлттық компаниялардың іс-қызметіне қатысты кеңес өткізеді

Үкімет басшысы Петропавлда ұлттық компаниялардың іс-қызметіне қатысты кеңес өткізеді

Бүгін, 17-қазанда түстен кейін ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов Петропавлда кәсіпорын басшыларының қатысуымен ұлттық компаниялардың іс-қызметіне қатысты кеңес өткізеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Қазан 2003
  • 444
Фото - Caravan.kz

16-қазан, бейсенбіде Д.Ахметов Петропавлдағы өнеркәсіп ошақтарын аралады. Ол бірінші кезекте бас сұққан нысан- «Аксесс Энерго ПТЭЦ-2» ЖШС болды. Өзі Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тұрған кезде Д.Ахметов бұл станциядағы жұмыс ырғағын бірқалыпты сақтап қалу үшін біраз күш салған. Алайда, тек еліміз қалаларын ғана емес, сонымен бірге көршілес Ресейдің Омбы облысын электр қуатымен қамтамасыз етуші бұл жылу электр станциясы қазірдің өзінде әбден ескірген жабдықтармен жұмыс істейді. Үкімет басшысының айтуынша, оны жаңалау мүмкіндіктерін Қайта құру және даму банкімен, инновациялық және инвестициялық қорлармен, экспортты сақтандыру жөніндегі Корпорациямен ынтымақтастық нәтижесінде табуға болады.

Сонымен бірге Д.Ахметов жуықта бұрынғы бағытынан ауытқып, ауылшаруашылығы саласының өнімі болып табылатын дәнсепкіш өндіре бастаған «Петропавл тоқтан оқшаулаушы бұйымдар өндіруші кәсіпорны» ЖШС-де болды. Алайда кәсіпорынның бұл қадамын үкімет басшысы құптаған жоқ. Оның пайымдауынша, өнеркәсіп ошағы өзінің негізгі бағыт-бағдарын сақтап қалуы тиіс. Қазіргі жағдаймен «Петропавл тоқтан оқшаулаушы бұйымдар өндіруші кәсіпорны» ЖШС өнімдерінің 80 проценті экспортқа шығарылады.
Облыстағы ең ірі кәсіпорынға саналатын «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» ААҚ-ын аралаған үкімет басшысы бұл өндірісті «қазақстандық өнім мен қазақстандық кәсіпорын әлемдік стандартқа сай келуінің нақты бір үлгісі осы», деп мәлімдеді. Биылғы жазда зауыт мұнайгаз өндіру жабдықтарын өндіруді игеріп, бұрғылау қондырғысы сынақтан табысты өткен. Ендігі жерде оны сериялы түрде өндіру көзделіп отыр. Үкімет басшысының айтуынша, «жалғыз өкіндіретін жері — зауыт Англиялық, Жапондық және Италиялық компаниялардан тапсырыс алған кезде ұлттық компаниялардан түсетін тапсырыстың көлемі бірден азаятындығында болмақ».

Соңғы жаңалықтар