Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев 1949 жылы туған. Қазақ политехникалық институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымының кандидаты. Мемлекеттік органдарда Қарағанды облысының әкімі, ҚР Қаржы министрі тәрізді басшылық лаузымдарға тағайындалған. 1999 жылғы қазаннан — ҚР Қаржы министрі, 2002 жылдан — ҚР Экономика және сауда министрі, 2003 жылы — ҚР президентінің көмекшісі болды. 2004 жылдан осы лауызымға тағайындалғанға дейін Ақмола облысының әкімі қызметін атқарып келді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті