Үкімет мамыр айында Салық Кодексіне енгізілетін өзгертулерді ұсынады - ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары
Үкімет қазіргі қолданыстағы салық Кодексіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын мамыр айының басында парламентке ұсынуды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін, 24-ақпанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Григорий Марченко хабарлады. |
Оның айтуынша, салық заңнамасына енгізілетін өзгерістер жобаланып жатқан жаңа бағдарламаларға байланысты. Осыдай бағдарламалар қатарында Г.Марченко білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасын, тұрғын-үй бағдарламасын, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту бағдарламасын, денсаулық сақтау жүйесін жаңалау бағдарламасын, сондай-ақ, көлеңкелі экономиканы легализациялау бағдарламасын атады. Үкімет басшысының бірінші орынбасарының айтуынша, аталған барлық бағдарламалар "наурыз-сәуір айларында дайын болып, бүкілхалықтық талқылу үшін БАҚ-тарда жарияланады".
"Егер парламент заңдарды жыл соңына дейін қабылдайтын болса, онда 2005-жылдың 1-қаңтарынан бастап еліміз жаңа жағдайда тіршілік ете бастайды",- деді Г.Марченко.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін