Үкімет мәжіліске кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын бекіту жөніндегі заң жобасын ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет мәжіліске кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын бекіту жөніндегі заң жобасын ұсынды

Үкімет мәжіліске кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын бекіту жөніндегі заң жобасын ұсынды

Үкімет мәжіліске кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын бекіту жөніндегі заң жобасын ұсынды. Жоба мәжілістің бюро отырысында қаралғаннан кейін заң бойынша жұмыстар аяқталатын болады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Наурыз 2004
  • 583
Фото - Caravan.kz

Жобаны дайындаушылардың мәлімдеуінше, Қазақстан үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдарының бірлескен қызметі барысында белгілі болғанындай, бүгінгі таңда халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттары ережелерінің иммунитет, артықшылықтар мен жеңілдіктер ұсыну жөніндегі баптары ұлттық заңнамаға қайшы келеді.

«Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта қорына, Халықаралық қайта құру және даму банкіне, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму қауымдастығына, Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігіне, Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталыққа, Еуропа қайта құру және даму банкіне, Азия даму банкіне, Ислам даму банкіне мүшелігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы заңына сәйкес «Кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын бекіту туралы» заң жобасы бұған дейінгі келісім баптарына, конвенцияларға, құрылтай шарттарына, халықаралық ұйымдар құру туралы келісімдерге қатысушы мемлекет ретіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы мен халықаралық міндеттемелерін үйлестіру үшін жасалған.
Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) 1992 жылдан бері Қазақстанға 1,833 млрд АҚШ доллары көлемінде 22 қарыз берген. Ал Халықаралық валюта қоры 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасына макроэкономикалық тұрақтандыру және жүйелік қайта құрулар үшін жалпы көлемі 638,45 млн. долларды құрайтын қаржы ресурстарын берді. Азия Даму Банкі 1994 жылдан бері жалпы көлемі 467 млн АҚШ доллары болатын 11 қарыз және техникалық көмек ретінде 21,6 млн АҚШ долларына тең 44 жоба берген.