ҮКІМЕТ ҚАЙДА ҚАРАП ОТЫР: Жамбылдың қаржы полицейлері жыл басынан бері экономикалық қылмыстарға қатысты 319 қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҮКІМЕТ ҚАЙДА ҚАРАП ОТЫР: Жамбылдың қаржы полицейлері жыл басынан бері экономикалық қылмыстарға қатысты 319 қылмыстық іс қозғады

ҮКІМЕТ ҚАЙДА ҚАРАП ОТЫР: Жамбылдың қаржы полицейлері жыл басынан бері экономикалық қылмыстарға қатысты 319 қылмыстық іс қозғады

11 қазан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жалпы Үкімет жұмысын өткір сынға алған болатын.

  • 3 Қараша 2013
  • 415
Фото - Caravan.kz

Елбасы Н.Назарбаев көлеңкелі экономиканы төмендету бағытындағы шараларды күшейтуді тапсырған болатын. «Премьер-Министрге көлеңкелі экономика көлемін төмендету бойынша жұмыстардың барысы туралы маған тұрақты түрде баяндап отыруды тапсырамын», — деген еді Мемлекет басшысы.

Жамбыл облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2013 жылдың басынан бері аймақтық ведомство қызметкерлері экономикалық қылмыс санатына жататын 319 қылмыстық іс қозғаған. Соның ішінде 6 іс мекемелердің салық төлеуден жалтаруына қатысты, 49 — жалған кәсіпкерлікпен байланысты.

Сондай-ақ Жамбыл облысының қаржы полициясы өз қылмыстарын жасыру мақсатымен жалған кәсіпорындардың бірінің директорын өлтірмек болған ұйымдасқан қылмыстық топтың көзін жойды.

2010 — 2012 жылдары ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында 10-нан астам жалған фирма құрып, табыстарын жасырып, салықтан 3,3 млрд. теңге «үнемдеген» төрт азаматқа қатысты қылмыстық іс қазіргі таңда сот қарауында жатыр.


Сонымен қатар қаржы полициясының қызметкерлері полициямен бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топтың бір мүшесіне қатысты 15 қылмыстық іс қозғады, соның ішінде тапсырыс бойынша кісі өлтіру де бар.

2012 жылы Беларусь Республикасының ІІМ МАИ органдарында автокөлік құралдарын тіркеудің жалған құжаттарын дайындап, пайдаланып келген бір топ азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Ғасыр сапасы» тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі агентігінің төрағасы Болат Тоққұлиевтің айтуынша, агенттік қызметкерлері 1,2 млн. теңге сомасына 8 мыңнан астам контрафактілік дискілерді анықтаған. Оның пікірінше, контрафактілік дискілердің жыл сайынғы айналымы аймақта 100 миллион теңгеге жуық қаражат әкеледі.